Абай және қазіргі заман
Абай және қазіргі заман

Абай және қазіргі заман

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде "100 кітап" бағдарламасы  аясында онлайн түрде «Абай және қазіргі заман» атты тәрбиелік іс шара 2021 жыл 20-сәуір, сағат 15:00 де өтті. Тәрбиелік іс шара қонағы Әдебиеттанушы-философ, Абайдың «Жидебай –Бөрілі» мемлекеттік тарихи және әдеби- мемориалдық қорық музейінің директоры Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы шақырылды. Конференцияны философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қарлығаш сөз сөйлеп ашты. Одан кейін дінтану мамандығының 1-курс магистранты Баттал Гүлдана  конференцияға қатысушыларды тақырып бойынша Абай шығармаларындағы заман көрінісінің мазмұнымен таныстырды. Абай және қазіргі заман атты тәрбиелік іс шараға ҚазҰУ-тің ұстаздары,студенттері мен магистранттары қатысты.

Тақырып өзектілігі Абайдың заманында елдің билігі жаттың қолында болғандығы және қазіргі заманда да билікте халықтың сөзі жүрмей жалғасып келе жатқандығы. Билеуші де, билеу жүйесі де қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетіне жат бағытты ұстанғаны, елді бірлік пен ынтымаққа, жақсылық пен ізгілікке ұйытпай, жамандыққа, надандыққа, жаулыққа жол ашып халықты бір-бірімен араздастырғандығы сол заманда белең алып Абай ашына қазақ елін сынға алғандығы туралы сөз етілді. Абайдың әдеби мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызы мен мәні ондағы адам келбеті, заман сипаты туралы әлеуметтік, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың өміршеңдігінде, өмірлік өзектілігі негіз болды.

Тәрбиелік іс шара мақсаты;

  • Студенттерді Абайтанушы, Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлымен таныстыру.
  • «Жидебай-Бөрілі» музейінің көрінісін көрсету арқылы қазіргі замандағы ерекшелігін көрсету.
  • Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы Абай заманы мен қазіргі заманды салыстыру.
  • Студенттермен кеш қонағының арасында сұхбат жүргізе отырып, «Абай және қазіргі заман» тақырыбының мәнің ашу.

 Конференцияда абайтану ғылымының өзекті мәселелері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланды онымен бірге Абай кітаптарына тоқталдық. Абайтанушы Шаңбай Тұрдықұл студенттерге және конференцияға қатысушыларды Абай музейімен таныстырып қана қоймай, Абай Құнанбайұлы жайында бірнеше ақпараттар айтып отырды, кейіннен Абайдың қазіргі замандағы халықарадық дәрежедегі орнын түсіндірді. Вебсайтқа жайғастырылған Абай шығармалары мен абайтану саласындағы зерттеулердің байлығы мен жүйелілігіне конференцияға қатысушылардың көңілі толды.

 

Әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. 
Ғылыми жетекші:  Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы философия ғылымдарының докторы, профессор.

«Философия және саясаттану» факультеті,

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы;

Дінтану мамандығының 1-курс магистранты: Баттал Г.О.

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби( www.kaznu.kz) 

 

 

Гулдана Гулдана
4 года назад 4081
0 комментариев
О блоге