Қазақ даласына ислам діні таралуының мәдени және рухани бастаулары
Еуразия материгінің мыңдаған ғасырлық тарихы, қазақ халқының этногенезі және этнографиясын зерттеу кезінде қазақ мәдениеті мен руханияты Ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі екендігін көруге болады. Себебі, халық санасына ислам діні бейбіт жолмен сіңген. Ислам құндылықтарын, философиясы мен өнерін дамыту мен жаңғыртуда біздің өлкемізді мекен еткен ойшылдар: Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи , Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн және сол сияқты қазыналарының ислам өркениетінің асыл қазынасына айналуы қазақ халқының дүниетанымында исламның рөлі басымдықты әрі...